Тәрбиелік жүйе – ол біртұтас әлеуметтік ағза, оның қызмет істеу шарты: негізгі компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста (мақсат, мазмұн, іс-әрекет тәсілі) болады. Мектеп ұжымының басты міндеті – тәрбие жұмысының жүйесін қалыптастыру. Ата-ана ұстаздар алдына қойылатын негізгі оқу-тәрбие мақсаты – жас жеткіншектерді жан-жақты етіп тәрбиелеу. Жан-жақты тәрбиелеу дегеніміз – баланың ақыл-ойына, эстетикалық талғамына, дене бітіміне, сонымен қатар айналадағы өмірге деген көзқарасына ықпал ету. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дейді Әбу Насыр әл-Фараби өз қағидасында. Мектептегі тәрбие жұмысында өткізілетін түрлі кештер, КТК (КВН), зияткерлік ойындар, тренингтер, пікірсайыстар, дөңгелек үстелдер мұғалімдердің жоспарынан тыс қалмайды. Әр мұғалім қызықты етіп, оқушы талғамына, жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлап өткізеді. Оқушыларымыз үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсете біледі. Ол біріншіден отбасындағы тәрбие ата-анадан болса, екіншіден ұстамды болуға үйрететін ұстаздарынан десем артық айтпағандығым. Ұстаздарының еңбегін оқуда да, өнерде, спортта да ақтап жүрген оқушыларымыз аз емес. Барлық жоспарлаған шараларды кейде өткізу мүмкін болмай қалатын кездер де болады. Бірақ біз үлкен ізденіспен алға қадам басудамыз. «Өзгені үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз» дегендей оқушылармен бірге ұжымдық шығармашылық бағытта жұмыстар атқарудамыз.
Біздің құрамымыз:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
_______________________________________ Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Арапова Баян Қуатовна
№ 58 мектеп-гимназиясының ресми сайты. Барлық құқықтары қорғалған. Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Сарыарқа ауданы, Ақан Сері, 22. Тел. 8 (7172) 50-15-71 (тел./факс), 8 (7172) 50-15-65 E-mail: Shkola58_2007@mail.ru