Меню KDT

ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ




ЖАНДАРАЛЫ БАУЫРЖАН
Кузгі кросс
1 ОРЫН


Нұр-Сұлтан қаласы ПДЖергілікті полиция қызметі      
 Нұркен Қабылбекұлы Солтаев

Ұялы телефоны:
7- 707- 995 -28 -95


БОЛАШАҚҚА БАҒДАР


СҰРАҚ - ЖАУАП

Сізге мектеп сайтының дизайны ұнайма?

Дауыс беру

img.JPG

Мектеп директоры

Нугуманова Самал Ботаханқызы

Құрметті қонақтар,
№ 58 мектеп - гимназиясының ресми сайтына қош келдіңіздер!

РОБОТОТЕХНИКА
Жасыл технологиялар
Бейнегалерея
Фотогалерея
Сенім телефоны

Кітапхана



Мектеп кітапханасы – оқырмандардың ақпараттық мәдениеттін қалыптастыратын білімнің күн шуағы   
 
Кітап адам баласының бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырып, рухани жан-жақты дамып жетілуіне әсер етеді. Кітапхана – осы оқу орнында білімге ұмтылған жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың орны.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарына терезесін тең ететін күш – білім мен білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді    елдің берік тірегі. Білімді болу үшін рухани жан дүниеңіз бай, оған қоса адамгершілік, ар-ұят, кішіпейілділік, ізгілік, қайырымдылық қасиеттер болуы керек. Осындай ізгі қасиеттерді, рухани байлықты, сөз өнерін біз оқырмандарға кітап арқылы насихаттаймыз.
Білесің бе кітап білім ұясын,
Келесің мұнда өмірге азық жиясың.
Оқып-біліп, зерттеп көріп санаңа,
Терең білім, ой маржанын құясың,– дейді ойшылдар. Өйткені:
Кітап – білім бұлағы,
Кітапхана – сол кітаптар тұрағы.
Көп үйреніп, көп оқыған баланың,
Анық тағы білімпаз боп шығары.
Мектеп кітапханасы туралы ақпарат.
№ 58  мектеп-гимназиясының кітапханасы 2007 жылдың 1 қыркүйегінде ашылды. Кітапхана 4 бөлмеден тұрады: абономент бөлімі, оқу залы, кітап сақтау бөлмесі және мерзімді басылымдар бөлмесі.
Оқу залы 36 орынды, онда теледидар, интерактивті тақта бар. Кітапхана 13 компьютермен жабдықталған. Кітапханашының жұмыс орнындағы бөлек компьютерде «MAPK-SQL» атты арнайы бағдарлама орнатылған.
Кітапхана қорының көлемі – 20 266 дана, соның ішінде оқулықтар – 16 543; электронды оқулықтар – 92; көркем әдебиет саны – 3 631.
Кітапхананың жұмыс көрсеткіші келесідей: 
– оқырман саны – 1 100;
– кітаптың берілуі – 6000;
– оқылымы – 0,5;
– қамтамасыз етілуі – 18; 
– келуі – 3,59;
– қор айналымы – 0,29.
Кітапхана жұмысының негізгі міндеттері.
Мектеп кітапханасының өзіне тән ерекшелігі болады. Біріншіден, ол кітапханалық норма мен ереже, екіншіден, қазіргі заманға сай мектептің оқу-тәрбие процесінің сұранысына толық жауап беруге тиісті. 
Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстармен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген түрлі шаралар өткізіліп отырады көрмелер ұйымдастырылады. Біздің мақсатымыз –мұндай шараларды жалпы оқырмандар сусындайтындай, ой-пікір туғызатындай етіп өткізу, кітапхананы шынайы мәдениет ошағына айналдыру.Кітапхана оқырманның жеке басының дамуын, қызығушылығын арттыруды көздейді. Оқырманның оқуға деген сұранысықанағаттандырылып, әрі қарай оқуына жетекшілік ететін – кітапханашы.
Негізгі міндет – әрбір оқушы өзінің керек кітабын тауып, жағымды ортада өз бетімен білімін жетілдіруге және өзіндік тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасау. Сонымен қатар құнды кітап қорын пайдалана отырып, оқушыларды жаман ортаның әсерінен, қылмыстан, есірткіден бойларын аулақ ұстауға үйрету. Оқушыларды кітапты сүйе білуге, оқу мәдениетіне, тарихи, өнегелі және патриоттық әдебиетпен қатынасын арттыру.
Мектеп партасында отырған бүлдіршіндер мен жасөспірімдерді рухани байыту –кітапханамыздың төл ісі. Сондықтан біздің кітапхана, қорыта айтқанда, өзіне мынадай міндеттер жүктейді:
1. Жан-жақты дамыған баланы тәрбиелеуге атсалысу;
2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, оқу деңгейін көтеруге жәрдемдесу;
3. Мектептің педагог қызметкерлерінің кәсіптік шеберлігін көтеруге септігін тигізу. 

 

 
 
Кітапхана қорында оқушылардың қызығушылығын туғызатын
көптеген танымдық басылымдар бар
 
Орындаған: С.М. Айтмағанбетова
 

Қазақстан Республикасының Президенті

Мектеп әкімшілігі

Директордың ҒӘЖ орынбасары Қожахметова Бақыт Садаховна
Директордың ОТЖ орынбасары Абикеева Раушан Сагадатовна
Директордың ОТЖ орынбасары Жабатай Айтолқын Ондасынқызы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алиханова Жанар
Директордың ОТЖ орынбасары Камалова Толқын Мураткалиевна
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бимендин Булат Дусимбекович
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Арапова Баян Қуатқызы



ПСИХОЛОГҚА СҰРАҚ ҚОЮ

МЕКТЕП ФОРМАСЫ

Document

С заботой о детях

 № 58 мектеп-гимназиясының ресми сайты. Барлық құқықтары қорғалған. Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Ақан Сері, 22. Тел. 8 (7172) 50-15-71 (тел./факс), 8 (7172) 50-15-65 E-mail: Shkola58_2007@mail.ru 

 


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год