Меню KDT

ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ




ЖАНДАРАЛЫ БАУЫРЖАН
Кузгі кросс
1 ОРЫН


Нұр-Сұлтан қаласы ПДЖергілікті полиция қызметі      
 Нұркен Қабылбекұлы Солтаев

Ұялы телефоны:
7- 707- 995 -28 -95


БОЛАШАҚҚА БАҒДАР


СҰРАҚ - ЖАУАП

Сізге мектеп сайтының дизайны ұнайма?

Дауыс беру

img.JPG

Мектеп директоры

Нугуманова Самал Ботаханқызы

Құрметті қонақтар,
№ 58 мектеп - гимназиясының ресми сайтына қош келдіңіздер!

РОБОТОТЕХНИКА
Жасыл технологиялар
Бейнегалерея
Фотогалерея
Сенім телефоны

Медбике қызметі


 

 №58 мектеп-гимназиясының медициналық көмек көрсету жұмысының
 2019-2020 оқу жылына арналған жоспары  

Іс шаралар

мерзімі

орындалуы

1

2019-2020 оқу жылына алғашқы көмек көрсету, егу бөлмелерін дайындау, керекті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету

Тамыз, қыркүйек

Медицина қызметкері

2

Алдын ала егуге байланысты шыққан әдістемелік нұсқау, бұйрықтарды тіркеу

Тамыз, қыркүйек

Медицина қызметкері

3

Оқушылардың орналасу және сыныптар кестесін құру, сабақ мөлшерін жеті бойына дұрыс бөліп, тиімді сабақ кестесін жасауға қатысу. Денсаулық парақтарын толтыру.

Тамыз, қыркүйек

Медицина қызметкері

4

Оқушылардың денсаулығы мен дамуын қадағалау және зерттеу. Мектептегі дене және еңбекке тәрбиелеуді қадағалау

Күнделікті

Медицина қызметкері

5

Мектепте ауырған балаларға алғашқы  медициналық көмек көрсету, аурудың алдын алу шараларын жүргізу, профилактикалық егу жұмыстарын жүргізу

Күнделікті,

жоспар бойынша

Медицина қызметкері

6

Сабақта тазалық-гигиеналық жағдайдың сақталуын және оқушыларға жасалған күн тәртібінің орындалуын жүйелі қадағалау. Балалардың бойы, есту мен көруіне қарай дұрыс отыруларын бақылау

Күнделікті

Медицина қызметкері

7

Диспансерлік есепте тұратын оқушыларды тереңдетілген медициналық тексерістен өтіп отыруын қадағалау

Күнделікті

Медицина қызметкері

8

Жұқпалы аурулардан сақтандыру үшін эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және өткізу

Күнделікті

Медицина қызметкері

9

Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасында жүйелі тазалық-ағарту жұмыстарын жүргізу

Күнделікті

Медицина қызметкері

10

2-4 сынып оқушыларын ішек құрт ауруларына қарсы тексеру

Жоспар бойынша

Медицина қызметкері

11

10,12,14 жастағы оқушыларды тереңдетілген дәрігер мамандарының профилактикалық тексерісінен өткізу , жалпы оқушыларды  балалар дәрігері мен тіс дәрігерінің тексерісінен өткізу

Жоспар бойынша

Медицина қызметкері

12

Жасөспірімдерді студеттік емханаға дәрігерлік тексерістен өткізуін қадағалау. 8-11 сынып оқушыларына денсаулығына қарай кәсіби жөн сілтеу

Күнделікті

Медицина қызметкері

13

Санитарлық жеке бас тазалығн тексеру. Оқушыларды педикулез, тері ауруларына қарсы тексеріп отыру 

Күнделікті

Медицина қызметкері

14

Мектептің тазалығын, жабдықталуын, оқушылардың тамақтану сапасын, мектеп буфеті мен асхананың тазалық гигиеналық жағдайын бақылау. Тамақ сапасын, дайындалуын, тамақ құрамын, ондағы құрам құндылығын тексеру

Күнделікті

Медицина қызметкері

15

Мұғалімдерді, ата-аналарды оқушылардың денсаулығын қорғау жұмысына белсенді қатыстыру

Күнделікті

Медицина қызметкері

16

Өз білімін жетілдіріп отыру

Күнделікті

Медицина қызметкері





Құрметті ата - аналар күн суытып, қылышын сүйреп қыс келді. Суықта оқушыларымыз тоңып, ауырып қалмасын деп мектеп тарапынан "тұмау" туралы мағұлмат беріп отырмыз. 

Тұмау

Тұмау , грипп (лат. гріппұс фр. grіpper – “бас салу, шап беру”), инфлуэнца – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: АВС бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (Н әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.
Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. 
Таралуы
Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлорқышқылдарспирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.
Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы – тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғ. тыныс жолдарының беткей клеткаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1 – 4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38°С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды. Басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағ-тан соң (кейде 1 – 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау, әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді. Баланың танауы бітеліп, демалысы қиындайды, мазасызданып, ұйқысы бұзылады. Тұмау ересек адамдар үшін де қауіпті, ол құлаққатамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін. Т-дан жазылғаннан кейін организмде иммунитет пайда болады, ол А типінен кейін 1 – 2 жылға, В типінен – 2 – 3 жылға созылады, С типінен кейін тұрақтанады. Сондықтан С типімен ауырған адамдар тұмаудың бұл түрімен қайталап ауырмайды.
Алдын алу шаралары
Тұмауға нақтылы диагноз қойып, науқасты оқшаулап, ауруханаларда не басқа тиісті мекемелерде карантин жарияланады. Тұмауға қарсы вакцина егіледі, оның ішіндегі ең тиімдісі – тазартылған вириондық вакцина. Алдын ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс.
Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.
Емі
Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.
Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді. Арнайы дәрілер (оксолинамантадинремантадининтерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің улануын азайтатын дәрі-дәрмектер беріледі.
ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!
Тиімді тамақтану ағзаның физиологиялық қажетін уақытылы және толық қамтамсыз етіп, ол өз кезегінде адамның жұмыс қабілетінің мейлінше жоғары болуына, оның ұзақ жылдар бойы белсенді, сергек, жарқын өмір сүруіне кө-мектеседі. Тамақтану уақытының тәртібі ең алдымен, еңбек пен дем алу уақытының тәртібімен сәйкес болуға тиісті. Тәжірибелік зерттеулердің, дәрігерлік пайымдаулардың қорытын-дысы бойынша адамға күніне төрт рет тамақтанып, тағамды бөліп – бөліп ішіп, жеген тиімді.

Қазақстан Республикасының Президенті

Мектеп әкімшілігі

Директордың ҒӘЖ орынбасары Қожахметова Бақыт Садаховна
Директордың ОТЖ орынбасары Абикеева Раушан Сагадатовна
Директордың ОТЖ орынбасары Жабатай Айтолқын Ондасынқызы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алиханова Жанар
Директордың ОТЖ орынбасары Камалова Толқын Мураткалиевна
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бимендин Булат Дусимбекович
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Арапова Баян Қуатқызы



ПСИХОЛОГҚА СҰРАҚ ҚОЮ

МЕКТЕП ФОРМАСЫ

Document

С заботой о детях

 № 58 мектеп-гимназиясының ресми сайты. Барлық құқықтары қорғалған. Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Ақан Сері, 22. Тел. 8 (7172) 50-15-71 (тел./факс), 8 (7172) 50-15-65 E-mail: Shkola58_2007@mail.ru 

 


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год