Жас мамандармен тренинг-сабақ
Жас мамандарға көмек көрсету, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында 8.01.2021ж. күні І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясы педагог-психологтары А.Б.Ахметова, А.К.Жаманбаева жас маман педагогтармен «Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында тренинг-сабақ өткізді. Тренинг-сабаққа қатысушы жастар айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, жаңа ортаға қалай бейімделіп жатырмыз деген сұрақтарға жауап іздей отырып, бір-біріне деген сенімділік, адамгершілік қатынасын қалыптастыруға ықпал ете білді, өзара адами көзқарастарын анықтауға төселе түсті. Педагог-психологтар жас мамандарға психологиялық қолдау көрсетумен қатар түрлі топтық ойындар мен жаттығулар арқылы шығармашылық әлеуеттерін арттыруына ықпал ете білді. Атап айтар болсақ, «Құпия сөздер» топтық ойыны арқылы логикалық зияткерліктеріне жол ашылса, «Жарнама агенттігі» ойынында жас мамандар өздерінің болашақ «Қуаныш мектебіне» жарнама жасап, шығармашылықтарымен ерекшеленді. «Өз туыңның тұғыры» арттерапиялық жаттығуында патриоттық сезімдері беки түсті. Кері байланыста жас мамандар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.