«Құйылған құдірет жыр қаламынан»
«Құйылған құдірет жыр-қаламынан» атты қалалық жыр бәйгесі
2021 жылдың 30 наурызында Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы және І. Жансүгіров атындағы № 58 мектеп-гимназиясында Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, Құлагер ақын атанған Ілияс Жансүгіров шығармашылығын насихаттау мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында «Құйылған құдірет жыр-қаламынан» атты қалалық «Жыр бәйгесі» өтті. Сайыс үш номинация: «Мол арналы, тау толқынды поэзия» өлең, жырларын жатқа айту, «Жыр жаздым жүрегімнен ақынға арнап» жас ақындардың арнау өлеңдерін оқу және «Мен өзі тауда туып, тасында өстім» эссе жазу номинациялары бойынша ұйымдастырылды.
Үміткерлерді бағалап, сараптау үшін қазылар алқасының құрамына филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Туран-Астана университетінің «Әлеуметтік – гуманитарлық және тілдер» кафедра меңгерушісі - Карипжанова Гүлназ Токеновна және Нұр-Сұлтан қаласы №64 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі - Букенова Гауһар Асханбековна арнайы шақырылды.
Жыр бәйгесіне Нұр-Сұлтан қаласының № 40, № 58, № 61, № 67 және № 68 мектептері қатысты. Сайысқа қатысушылар тиянақты дайындалып келді, әр номинация бойынша өз өнерлерін жақсы көрсете білді. «Мол арналы, тау толқынды поэзия» номинациясының жүлдегерлері: І орын Қуанышқызы Айша № 58 мектеп-гимназиясы; ІІ орын Қарыбаев Ғазиз № 61 мектеп-гимназиясы; ІІІ орын Қанат Ақмаржан № 58 мектеп-гимназиясы және Бектилла Жұлдыз № 68 мектеп-гимназиясы. «Жыр жаздым жүрегімнен ақынға арнап» номинациясының жүлдегерлері: І орын Құрманғали Асылжан № 58 мектеп-гимназиясы; ІІ орын Қасен Нұрайым № 58 мектеп-гимназиясы; ІІІ орын Төлен Нұрай № 67 мектеп-гимназиясы және Усманова Назерке № 40 мектеп-гимназиясы. «Мен өзі тауда туып, тасында өстім» номинациясының жүлдегерлері: І орын Абдрахманова Мадина № 58 мектеп-гимназиясы; ІІ орын Арман Малика № 67 мектеп-гимназиясы; ІІІ орын Қанатов Ерназар № 58 мектеп-гимназиясы және Есіркеп Инабат №40 мектеп –лицейі.
Сайыстың жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз және қатысып белсенділік танытқан қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Жыр бәйгесі Ілияс Жансүгіровтың шығармашылығын оқушылар арасында насихаттауға зор үлес қосатынына сенеміз.
