Меню KDT

ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ




ЖАНДАРАЛЫ БАУЫРЖАН
Кузгі кросс
1 ОРЫН


Нұр-Сұлтан қаласы ПДЖергілікті полиция қызметі      
 Нұркен Қабылбекұлы Солтаев

Ұялы телефоны:
7- 707- 995 -28 -95


БОЛАШАҚҚА БАҒДАР


СҰРАҚ - ЖАУАП

Сізге мектеп формасы ұнайма

Дауыс беру

img.JPG

Мектеп директоры

Нугуманова Самал Ботаханқызы

Құрметті қонақтар,
№ 58 мектеп - гимназиясының ресми сайтына қош келдіңіздер!

РОБОТОТЕХНИКА
Жасыл технологиялар
Бейнегалерея
Фотогалерея
Сенім телефоны

Үздік мұғалімдер

 


Секербекова Қарлыға Мейрамовна
№ 58 мектеп-гимназиясының директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, жоғары санатты (2010ж.) орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі 30 жыл. 
Жетістіктері мен марапаттары: ол өткізген әр сабағында: сөйлеу мәнері, оқушылармен қарым-қатынасы,қосымша материалдардың жеткіліктілігі, қолданылған көрнекіліктерінің  нақтылығы мен  мазмұндылығына көп көңіл аударады. Оқушылары пән бойынша ұйымдастырылған  әр түрлі сайыстардың белсенділері.Нәтижелері де жеткілікті.Ұстаз әкімшілік ретінде де ұжымға сыйлы. Еліміздің Білім беру саласында сіңірген еңбегі үшін Білім Министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен мараптталған білікті де білімді мұғалім.

Қожахметова Бакит Садаховна
№ 58 мектеп-гзиясының директордың ғылыми-ісі жөніндегі орынбасары, І санатты (2010ж.), жоғары деңгейдегі география және биология пәнінің мұғалімі, жоғары санатты (2008ж.) бастауыш  сынып мұғалімі
Жетістіктері мен марапаттары:оқушының өз бетімен білім алудағы белсенділігіне, өзіндік дамуына, шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттаушы ұстаз.Оның оқушылары әр түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз атануда.Халықаралық сырттай олимпиадада Мухитдинов К-І орын, Сериков Б-ІІ орын (2011ж), Жұмақан А-ІІ орын, Бақтыбай Е-ІІІ орын (2012ж), қалалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар сайысында –ІІ орын (2012ж), қалалық «Жас зияткер» сайысында-І,ІІ.ІІІ орын жеңімпаздары.Тәуелсіз  елдің болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан зор үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалінімен (2001ж.),СҚО облыстық Білім басқармасының алғысымен, Астана қаласы Білім басқармасының Алғыс хаттарымен (2012ж.) марапатталған.



Саматова Рыскул Ермагамбетқызы
№ 58 мектеп-гимназиясының жоғары санатты (2013ж.) бастауыш сынып мұғалімі.
Жетістіктері мен марапаттары:Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем  деп жүретін  шығармашыл ұстаз.
Ұлттың, елдің болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан зор үлесі үшін Білім министрлігінің Құрмет грамотасымен  және бірнеше рет облыстық, қалалық білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған ұстаз.

 


Исмайлова Кенжегүл Сариновна
№ 58 мектеп-гимназиясының жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі-37 жыл. Жетістіктері мен марапаттары: Математика пәнінің білгірі, тәжірибелі, еңбекқор ұстаз. Педагогикалық іс-тәжірибесі  қала мектептеріндегі математика пәні мұғалімдеріне таратылған.Пән бойынша қалалық сайыстардың әділқазы мүшесі.Оқушыларының жылдан-жылға математика пәні бойынша ҰБТ-де жақсы көрсеткіштерге жетуі үшін көп еңбектенеді. Білім беру жүйесінде  жас ұрпақты жан- жақты дамыту мен тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде сапалы, нәтижелі білім беруде жаңа технологияларды терең меңгеріп, педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы еңбегі үшін Білім беру үздігі» белгісімен, Астана қаласы Білім басқармасының алғыс хатымен  марапатталған.


Масғұт Хасен -  тарихи танымы мол ұстаз
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік тарих институтының ұйымдастыруымен өткізілген тарихи даталар, дөңгелек үстелдер, республикалық, халықаралық конференцияларға белсене қатысқаны үшін және де    30-ға тарта тарихи танымы мол ғылыми мақалаларын баспасөз беттерінде жариялап ғылыми-шығармашылық жұмыстармен айналасып, белсенділік танытқаны үшін №58 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Масғұт Хасен  мемлекеттік тарих институтының жанындағы тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі куәлігі және академик төс белгісімен марапатталды.


Бимендин Болат 
Дусимбекович
№58 мектеп – гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі:17 жыл. 50 –ден астам  ғылыми мақалалардың және Қазақстан тарихынан 9 оқулықтың авторы.
Жетістіктері мен марапаттары: оқушыларды ғылыми – зерттеу жобаларына баулып, олардың шығармашылық қарым – қабілеттерін арттырып, қалалық, республикалық, халықаралық конференцияларға қатысып, ғылыми мақалалармен танылғандығы үшін Бимендин Болат Дусимбекович  мемлекеттік тарих  институтының жанындағы тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі куәлігі және академик төс белгісімен марапатталды (2013 желтоқсан).
Қазақстан Педагогика Ғылымдар Академиясының КСПК-нің мүшесі (2009 мамыр).
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінің үздік қызметкері (2012 сәуір).
Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі (2013 желтоқсан).
Астана қаласының "Үздік тарихшысы" (2014 мамыр).
Астана қаласының "Үздік педагогі" (2015 қараша).
ҚР қашықтықтан өткізілген "Үздік педагог" сайысының жеңімпазы (2017 жыл ақпан).
Астана қаласының "Үздік мұғалімі"ІІІ орын (2017 мамыр).
Қазақстан Республикасының "Үздік педагогі" (2017 қазан).




 Карип Самат Исаұлы  
технология пәні мұғалімі қызметін атқарып, технология  пәнінің қыры мен сырын жетік меңгерген, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде үздіксіз еңбек етіп келе жатқан, өз мамандығына шексіз берілген, он саусағынан өнер тамған әріптестерімен өз іс-тәжірибесін бөлісіп жүрген тәжірибелі ұстаздарымыздың- бірі.
Жетістіктері мен марапаттары: Ұстаз алға қойған мақсатына жетуде шығармашылықпен ізденетінін, қолданбалы қолөнер және техника туындыларын жасауда аудандық және қалалық көрмелерде І, ІІ-ші орын иегерлері екенін көруге болады.2012-2013оқу жылында  оқушысы Төлеген Абайдың  «Қазақтың ұлттық ыдыс –аяқтары.Күбі» тақырыбында жазған ғылыми жобасына жетекшілік жасап, қалада ІІ орын, республикалық жарыста қола медалін иеленді. Самат Исаұлы Астана қаласы бойынша технология пәні мұғалімдерінің шығармашылық топ мүшесі.
Білім беру жүйесінде жас ұрпақты тәрбиелеудегі жетістіктері үшін Білім министрлігінің Құрмет грамотасымен  және бірнеше қалалық Білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Президенті

Мектеп әкімшілігі

Директордың ҒӘЖ орынбасары Қожахметова Бақыт Садаховна
Директордың ОТЖ орынбасары Абикеева Раушан Сагадатовна
Директордың ОТЖ орынбасары Жабатай Айтолқын Ондасынқызы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алиханова Жанар
Директордың ОТЖ орынбасары Камалова Толқын Мураткалиевна
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бимендин Булат Дусимбекович
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Арапова Баян Қуатқызы



ПСИХОЛОГҚА СҰРАҚ ҚОЮ

МЕКТЕП ФОРМАСЫ

Document

С заботой о детях

 № 58 мектеп-гимназиясының ресми сайты. Барлық құқықтары қорғалған. Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Ақан Сері, 22. Тел. 8 (7172) 50-15-71 (тел./факс), 8 (7172) 50-15-65 E-mail: Shkola58_2007@mail.ru 

 


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год