Меню KDT



175 Жыл!



                                                                      Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жергілікті полиция қызметкері      
Сәрсен Мырзагелді Берікұлы

Ұялы телефоны:
8-778-388-82-88




БОЛАШАҚҚА БАҒДАР








СҰРАҚ - ЖАУАП

Сізге мектеп сайтының дизайны ұнайма?

Дауыс беру

img.jpg?_=1579207146

Мектеп директоры

Нугуманова Самал Ботаханқызы

Құрметті қонақтар,
№ 58 мектеп - гимназиясының ресми сайтына қош келдіңіздер!

Жас инженер
Жасыл технологиялар
Бейнегалерея
Фотогалерея
Сенім телефоны

Хабарландыру

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР


ОҚЫТУШЫЛАРҒА НҰСҚАУЛАР
:

Мектеп kundelik.kz(google classroom, zoom, What’s app, telegram) таңдады. Күнделікпен міндетті түрде жұмыс істеу керек!!!

Негізінен, IV тоқсандағы көптеген пәндер бойынша сағат саны қайталауға бөлінген, сондықтан КТП қайта қарау қажет болмайды. Алайда, 3-тоқсандағы барлық тақырыптар өткізілгенін не өткізілмегенін анықтап және актіленген күндер мен демалыстың жаңа уақыт шеңберін есепке ала отырып оқыту мақсатын, бағалау өлшемдерін, сабақтың құрылымын түзету қажет. 

Сабақ уақытын бөлу бойынша үлгі ұсыныстар ұсынамыз: сабақты түсіндіру-10 минут, тәжірибе-10 минут, формативті бағалау (кері байланыс) - 5 минут. Сабақ 30 минут аралығында өтеді.

Қашықтықтан оқыту кезеңінде сіздің оқу сценарийіңіз неғұрлым жеңіл, түсінікті және шынайы болған сайын, оларды іске асырып, керекті нәтижеге жету мүмкіндігі соғұрлым көп болады. Жаңа форматқа сіз ғана емес, сонымен қатар сіз сияқты онлайн қарым-қатынас режимінде алғаш рет болатын оқушылар мен олардың ата-аналары да бейімделіп жатқандығы есіңізде болсын.

Бәрін бірден жасауға тырыспаңыз. Қашықтықтан оқыту кезінде сіздің мақсаттарыңыздың қайсысына шынымен де жетуге болатындығы жайлы ойланып көріңіз.

Оқытудың барлық кезеңдерінде тайм-менеджмент, эмоциялық-психологиялық жағдай мен сабақ жүргізу этикасы, оқу мәтіндерінің, бейне-аудиоматериалдарының, тапсырмалардың сапасы мен эстетикасы, сөйлеу дыбысы деңгейін және айқындығын реттеп отыру, сабақ пен тапсырмаларға нұсқаулықтарды логикалық мөлшерлеу маңызды.

Бағалау критерийлерінің қатаңдығын төмендету керек, олар ойға қонымды және іске асырылуы мүмкін болулары қажет. Мүмкіндігінше тапсырмаларды сәтті орындағаны үшін ғана баға қойыңыз, яғни кері байланыс беріңіз. Бағалау критерийлерін оқыту мақсаттарына сәйкестендіру керек.

Бақылау мен бағалауды бөліп қарастырыңыз. Алғашқы кезеңдерде балалардың қашықтықтан оқытуға қатысқандығын ғана тексеру жеткілікті. Бұл жағдайда басты критерий – мерзімдерді сақтау. Жұмыс сіз белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда, оны оқушымен талқылаңыз. Бұл ретте бақылауды ата-аналардың мойнына іліп қоюдың қажеті жоқ, тапсырманы сіз бергендіктен кері байланысты балалар сізден күтеді. Қашықтықтан оқыту барысында ата-аналар мен оқушыларды, бәрінен бұрын, бақылау мен бағалау алаңдататынын ескерген жөн.

Балалардың да орындалған тапсырмаларды визуализациялауға көмектесетін құралдары болса жақсы болады: мысалы, электрондық чек-парақ (электронды почта,What’sapp, telegram ) басып шығарылған істер тізімі немесе мұғалімнің айтқаны бойынша күнделікке жазылған тізім. Оқушы орындалған тапсырмаларды белгілеп немесе сызып отыра алады.

ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛЫҚ ПАРАҚ

Нұсқаулық: бағдарлық парақ электронды форматта толтырылып, "Күнделік" жүйесі немесе кез келген қолжетімді мессенджер арқылы мұғалімге тексеруге жіберіледі. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда тапсырма дәптерде орындалады, кейін суретке түсіріліп, қол жетімді мессенджер арқылы тексеруге мұғалімге жіберіледі.

Сабақты әзірлеу кезінде сіз дайын материалдарды (білім беру сайттарынан, арналардан және т.б.) пайдалана аласыз немесе өзіңіз жасай аласыз. Бұл ретте бейнеконференциялар, бейне сабақтар және т. б. жүргізудің жалпы қабылданған ережелерін ұстану қажет (фон, сыртқы түрі, мимика, дыбыс және т. б.)

Сізге 6 сәуірге дейін сіздің бірінші аптадағы сабақтарыңыздың барлық материалдарын google classroom немесе күнделікке жүктеу қажет. Бір апта ішінде сізде нені және қалай жақсарту керек деген нақты түсінік пен оның көрінісі қалыптасады.

Қандай да бір себептермен онлайн сабаққа қатыса алмаған оқушылар үшін ҚР БҒМ ұсынымдарын ұстану қажет.

 




ҰБТ кезінде мектеп бітірушіге:

Сұрақ-кітапшалары таратылғаннан кейінолардағы беттердің санын түгендеуі және баспаханалық ақаулардың болмауын тексеруі тиіс;Осындай ақаулар кездескен жағдайда кезекшіге немесе Министрлік өкіліне хабарлау керек;
Мұқият болу керек! Тестілеу басталарда емтихан материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде қажетті мағлұматты хабарлайды;
Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін сақтауы тиіс! Егер Сіз аудиториядағы ҰБТ-ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз, орныңыздан айқайлап сұрамаңыз.Аудиториядағы тыныштық пен тәртіптің сақталуы емтихан материалдардының мазмұнын жақсырақ түсінуге көмектеседі;
Ойын жинақтауы тиіс! Бланктің қызметтік секторларын толтырып, өзіңізге түсініксіз жағдайларды анықтап болғаннан кейін, айналадағылар туралы ұмытып, ойыңызды жинақтауға тырысыңыз. Сіз үшін тапсырма мазмұны мен тестті орындауға жұмсалатын шектеулі уақыт қана маңызды болуы тиіс;
Қорықпау керек! Уақыттың қатаң шектеулері сіздің жауаптарыңыздың сапасына әсер етпеуі керек! Жауаптарыңызды енгізбес бұрын, сізден не талап етілетіндігін дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз;
Тапсырманы соңына дейін оқып шығу керек!  Асығыстық сіздің тапсырма шартын алғашқы сөздерінен-ақ түсінуге тырысуыңызға және соңын өз қиялыңыз бойынша аяқтауға әкеліп соқпауы тиіс;
Тексеруі тиіс! Өз жұмысыңызды тексеру үшін, тым болмаса, жауаптарыңызға тез көз жүгіртіп шығып, көрінген қателеріңізді байқауға міндетті түрде уақыт қалдырыңыз.     
Назарыңызда болсын!Сіздің тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда нақтылы тапсырма бойынша апелляцияға өтініш беруге құқыңыз бар.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Мектеп әкімшілігі

Директордың ҒӘЖ орынбасары Қожахметова Бақыт Садаховна
Директордың ОТЖ орынбасары Жабатай Айтолқын Ондасынқызы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алиханова Жанар
Директордың ОТЖ орынбасары Камалова Толқын Мураткалиевна
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Арапова Баян Қуатқызы
Директордың ОТЖ орынбасары Газиева Жанна Касенхановна



ПСИХОЛОГҚА СҰРАҚ ҚОЮ

ХАБАРЛАНДЫРУ

 № 58 мектеп-гимназиясының ресми сайты. Барлық құқықтары қорғалған. Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Сарыарқа ауданы, Ақан Сері, 22. Тел. 8 (7172) 50-15-71 (тел./факс), 8 (7172) 50-15-65 E-mail: Shkola58_2007@mail.ru 

 


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год